Түркістан облысы, Келес ауданы, Білім бөліміне қарасты №8 Т. Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебі.
"Таза Қазақстан" акциясы N8 Тойбы Бегманова атындағы жалпы орта мектебінде жалғасын табуда. 8 "А" сынып пен 9 "В" сынып оқушылары "Таза өлкем-ауылым" атты оқу сағатында мектеп ауласына гүл көшеттері мен ағаш көшеттерін біріге отырғызды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырған шарада оқушылар мектеп ауласын абаттандырды.
